Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА БАТЫР АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА БАТЫР АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ

 

Қызылорда қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Нұрхан Жәлиев облыс орталығындағы 30 Батыр ананы Елбасының Жарлығымен берілген «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларымен марапаттады.
– Биыл мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толған мерейтойын атап өтеміз. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке. Тәуелсіздіктің 25 жылында бірлік, тұрақтылық, өркендеу сияқты арқаулы құндылықтар қалыптасты. Осы игіліктердің қайнар бастауында ұлтымыздың ұлылығын ұлықтаған, берекелі тірлікке қамқоршы, тілектес болған аналарымыз бен қыз-келіншектердің тұрғандығы аян. Бүгінгі біз орнатып жатқан жаңа қоғамды құруда да әйелдердің, қыз-келіншектердің рөлі барған сайын арта түсуде. Сондықтан, мемлекетіміздің демографиялық дамуына және тек бір әулеттің ғана емес, тұтас елдің ең басты байлығы – адами капиталының артуына үлкен үлес қосып, көп балалы ана атанып, ұрпақтың ертеңі үшін, «барым балам үшін» деген Сіздерді бүгінгі күннің нағыз батырлары ретінде мақтан етеміз, – деді қала әкімінің орынбасары.  
Жалпы Қызылорда қаласы бойынша бүгінде 3 мың 500 Батыр ана бар. Олардың арасында төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеп отырған жас аналардың саны 6 мыңға жуықтады. Қалада 7 мың 500 отбасының балаларына мемлекеттік балалар жәрдемақысы төленуде және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналарға, жалғызбасты аналарымызға үйден әлеуметтік қызметтер көрсетілуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: