Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ КӨПІР САЛЫНАДЫ

 

Бүгін Өңірлік коммуникациялар орталығында Қазалы ауданының әкімі Нәжмәдин Шамұратов ауданның әлеуметтік-экономикалық  дамуы жөнінде есептік баспасөз мәслихатын өткізді.
Өңірде Елбасы тапсырмасына сай орындалып жатқан жобалар туралы аудан басшысы кеңінен мағлұмат беріп, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеретін басты ірі жобалар мен жоспарларын таныстырды.
Аудан әкімінің баяндамасынан белгілі болғандай ағымдағы жылдың 9 айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде 15,8 пайызға, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 3,2 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйдің көлемі 3,0 пайызға жолаушылар тасымалы 9,6 пайызға артқан. 
Қазіргі таңда өзекті тақырып ретінде аудандағы елді мекен тұрғындарын толғандыратын ауыз су, электр, газбен қамту, жол мәселелерін шешу туралы жоспар әзірленіп, жүйелі жұмыс жүргізілуде. Өткен жылы басталған жалпы құны 6 млрд теңгені құрайтын Әйтеке би кентін газдандыру жұмыстары жалғасып жатыр.  Бүгінде 1347 тұрғын үй газ желісін, 45 елді мекеннің 31-і орталықтандырылған су құбырын пайдаланады. Ауыз су аудан көлемінде тәулік бойы берілуде. 
«Көптен бері өңірде шешімін күтіп келген маңызды сұрақтың бірі көпір мәселесі жуық арада оң шешімін тапты.  Тұрғындар өзеннен өту үшін осы кезге дейін жеңіл жүктерге арналған пантон көпірлерді пайдалануға мәжбүр болып келген болатын.  Келесі жылы жаңа көпірдің құрылысын жүргізу үшін бюджеттен 600,0 млн. теңге бөлінді», - дейді Нәжмәдин Шамұратов. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: