ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕ АДАМДАРДЫҢ СУДА ЖАРАҚАТ АЛУЫН ЖӘНЕ ҚАЗА БОЛУЫН АЛДЫН АЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР
Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қала тұрғындарымен қонақтарын су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарын қатаң сақтауды ұсынады.
АТАП АЙТҚАНДА:
- Құтқару қызметі мен суға шомылуға рұқсат етілген арнайы рұқсат қағазы бар және арнайы жабдықталған жағажайларда шомылыңыздар;
- Егер жүзу білмесеңіз, белден жоғары келетін суға түспеңіз;
- Шомылу кезінде бір біріңізді әсіресе балаларды көзден таса қылмаңыздар;
- Жағадан алысқа, қоршау белгілерінен асып кетпеңіздер;
- Егер жүзу білмесеңіз, жүзу шарлары мен үрмелі матрасты қолданбаңыздар;
- Катерлер мен қайықтарға жақындамаңыздар;
- Суға сатылар мен көпірден секірмеңіздер;
- Суықтап және шаршап қалудан сақтану үшін, суда ұзақ уақыт жүрмеңіздер;
- Түнгі уақытта және алкогольді ішімдік ішкен жағдайда суға шомылмаңыздар.
Сонымен қатар, әр адам шомылатын су айдынының ерекшеліктерін білуі тиіс, себебі жабдықталмаған жерлерде қоқыстар, бөренелер, темір, шыны және басқа да заттар болуы мүмкін. Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы