Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҮШ ЖЫЛДА ҚЫЗЫЛОРДАДА 11 ШАҒЫН АУДАН БОЙ КӨТЕРДІ

ҮШ ЖЫЛДА ҚЫЗЫЛОРДАДА 11 ШАҒЫН АУДАН БОЙ КӨТЕРДІБұл туралы Қызылорда қаласы әкімімнің орынбасары Асылбек Шәменов мәлімдеді.
Тәуелсіздік жылдары ішінде аймақта жалпы аумағы 4 млн. шаршы метрден асатын тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Егер 2004 жылы облыста 92 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызылса, бүгінде бұл көрсеткіш 500 мың шаршы метрге дейін жетті, яғни 5,5 есе жоғары және аймақтың тәуелсіздік жылдарындағы көрсеткішінен 2 есеге көп. 
- Жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға да жағдай жасалуда. Республикалық бюджеттен бөлінген 8,5 млрд. теңгеге Қызылорда қаласында «Бәйтерек» мөлтек ауданының 980 гектарлық аумағына инженерлік инфрақұрылымдық жұмыстар жүргізілуде. Онда 6600 адамға бөлініп берілген жер телімдерінде болашақта 36 000-нан астам тұрғын қоныс тебеді. Айтпақшы, бұл соңғы үш жылда тұрғын үй бағдарламасы аясында облыс орталығында салынып жатқан 11 мөлтек ауданның бірі,- деді Шәменов.
Айта кетейік, биыл тек Қызылорда қаласында ғана бір мезгілде 80 көпқабатты үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Осылайша, соңғы 2 жыл ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған қала тұрғындарының 28 пайызы пәтерлерінің кілтін алатын болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: