Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Н.ЖӘЛИЕВ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Н.ЖӘЛИЕВ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 

Бүгін қала әкімі Н. Нәлібаевтың төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтті. 
Әкімдік мәжілісін бастамас бұрын, қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы кадрлық өзгеріске тоқталды.
Бұған дейін қала әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Жәлиев Нұрхан Бұхарбайұлы жақында ғана Елбасының Жарлығымен құрылған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің «Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті» директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.
"Нұрхан Бұхарбайұлы, қызмет жолында өзінің іскерлігі мен біліктілігінің арқасында түрлі салаларда жемісті еңбек етіп, аймағымыздың әлеуметтік және экономикалық әлеуетінің артуына ерекше үлес қосып жүрген, саяси технологияларды және идеология саласын жетік меңгерген маман ретінде, тапсырылған барлық қызметтерді абыройлы атқарды"- деген қала әкімі, Н.Жәлиевке барша әріптестерінің атынан алғысын білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, «Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өңіріміздің қоғамдық-саяси, мәдени-рухани өмірінің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі және абыройлы еңбегі үшін» «Құрмет» грамотасымен марапаттады.
Өз кезегінде Нұрхан Жәлиев қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлына қызмет барысында артқан сенімі мен қолдауларына рахметін айтып және барша әріптестеріне Қызылорда қаласын жан-жақты дамыту жолындағы бірге қызмет атқарған уақытын мақтан ететіндігін жеткізді.
Келесі кезекте, мәжілістің күн тәртібінде бекітілген (2) екі мәселе қаралып:
«Дипломмен ауылға» бағдарламасының орындалу барысы туралы" қала әкімінің орынбасары Молдабаев Марсбек Рүстемұлы және "Қызылорда қаласы және оған қарасты елді мекендердің бекітілген қала құрылысы құжаттарында белгіленген талаптардың сақталуы туралы" қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Шамұратов Пакуатдин Сражадинұлының хабарламалары тыңдалды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: