Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

НҰРОТАНДЫҚТАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ

 НҰРОТАНДЫҚТАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫН ӨТКІЗДІАзаматтардың әлеуметтік мәселелерін өзінің Саяси Доктринасына арқау еткен «Нұр Отан» партиясының  Қызылорда облыстық филиалы Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 қайырымды іс» акциясын ұйымдастырды. Бұл туралы партияның ресми сайтында жарияланды.
Жетекші  партия өкілдері  игілікті шараны ҰОС ардагері, 92 жастағы Әбдірауық Сатыбалды ақсақалды  мерейлі мерекемен құттықтап,  ақсақалдың ақ батасын алудан бастады.
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев Тәуелсіздік  жылдарындағы Елбасымыздың  көшбасшылығымен қол жеткізілген жетістіктер мен табыстарды атап, ардагердің Тәуелсіздік құндылықтарын кейінгі ұрпаққа насихаттаудағы еңбегіне зор алғысын білдірді. Сондай-ақ, партия филиалының төрағасы, аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың құттықтау хаты мен арнайы мерекелік сыйлық табыстады.
- Елімізде соғыс болмасын, көк байрағымыз көкте желбіреп, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!. Еліміз, Елбасымыз аман болсын,- деген қария ақ батасын берді.
Осыдан кейін партия өкілдері акцияның негізгі мақсатына орай «Қызыл-ай» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, қаладағы тұрмысы төмен 100 отбасына азық-түлік және  тұрмыстық заттай көмек көрсетті.
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 қайырымды іс» акциясы  екінші рет өткізіліп отыр. Мұнан бөлек  партияның «Кедергісіз келешек», «Бақытты балалық шақ», «Ардагерлерді ардақтайық» әлеуметтік жобалары аясында  жыл бойына  100-ден астам отбасыларға азық-түлік және қаржылай көмек көрсетілді. 
- Біз партия қабылдауына келген азаматтардың өтініштерін мүмкіндігінше орындауға тырысып жатырмыз. Сондықтан мұндай акциялар әлі де жалғасын табатын болады,- деді шара барысында облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Әділбек Ерсұлтанов.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: