Жаңақорған ауданы Жаңарық ауылдық округі әкімі С.Ибрагимов халық алдында есеп берді.
2016 жылы төрт кәсіпкер мал шаруашылығын дамыту үшін «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алды. Жалпы 2012 жылдан бермен қарай ауылдық округтегі шаруашылық құрылымдары «Сыбаға», «Құлан», «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламалары арқылы жеңілдетілген несие алды.
Өткен жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойыша ұзындығы 1100 метр болатын Патжамал көшесі орташа жөндеуден өткізіліп, жаңадан асфальт төселді.