Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда әуежайы алғашқы халықаралық рейсті қабылдады

Қызылорда әуежайы алғашқы халықаралық рейсті қабылдадыБүгін, 27 қарашада «Боинг 737-400» жолаушылар тасымалдайтын «Тәжік Эйр» әуекомпаниясының ұшағы Қызылорда әуежайына қонды. 130 жолаушысы бар әуе кемесі Қорған Төбе – Қызылорда – Мәскеу бағытына қатынайды. 
– Бәрі керемет. Қызылорданың мүмкіндігі біз ойлағаннан да жоғары екен. Осыған дейін Тараз қаласы арқылы ұшатынбыз. Қызылорда арқылы ұшсақ, 45 минут уақытты үнемдеуге болады. Бізге тиімдісі осы. Алда келіссөздер жүргіземіз. Барлығы сәтті өтсе, аптасына 6 рейс Қызылорда арқылы ұшатын болады, - деді ұшақтың аға пилот нұсқаушысы Юсубжан Юсубахмедов журналистерге берген сұхбатында. 
Жақында Қызылорданың әуе қақпасы Үкімет қаулысымен халықаралық статус алған болатын. Қазір шетелдік және отандық компаниялармен келіссөздер жүріп жатыр. Желтоқсан айының ортасында Дубайға қызылордалық жолаушылар ұшатын болады. 
«Қорқыт Ата» әуежайы АҚ бас директоры Сайлау Жаналин қазіргі уақытта AIR ASTANA, SKAT, INVESTAVIA (Қазақстан), TRANSAVIA (Ресей), PEGASUS (Түркия) және басқа да әуекомпаниялармен Бейжің, Стамбул, Мәскеу, Дубай қалаларына тікелей рейстер, сонымен қатар болашақта чартерлік халықаралық рейстер ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: