Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА 40 БАТЫР АНА МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА 40 БАТЫР АНА МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

 

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жылдық мерейтойы қарсаңыда қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов Қызылорда қаласындағы 40 батыр анаға Елбасының Жарлығымен «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын табыстады.
- 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңыда Сіздерді «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградаларымен марапаттау шарасын ұйымдастыруымыз тектен-тек емес. 
Расында, ғалым да, ақын да, батыр да, дана да анадан туады. Бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен аяулы аналарды құрметтеу бұл біздің перзенттік парызымыз. 
Ерлермен иық теңестіріп, батырларға тән ерліктерімен аңызға айналған аналарымыз да аз емес. Мысалы, кешегі Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында отан үшін от кешкен батыр апаларымыз, қазақ қыздарының өжеттігі мен ерлігінің символы атанған Әлия, Хиуаз бен Мәншүктер. 
Сондықтан, батыр ана атанып «барым балам үшін» деген Сіздерді, бүгінгі күннің нағыз батырлары ретінде мақтан етеміз. Аман болыңыздар! - деген қала әкімінің орынбасары Ш.Байманов, батыр аналарды барша қала тұрғындарының атынан құттықтады. 
Мемлекеттік награда табысталған 40 батыр аналарымыздың 8-і «Алтын алқа» және 32 - і «Күміс алқа» иеленді. Олардың ішіндегі жасы ең үлкені 80 жаста болса, жас батыр ана 32 жаста.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: