Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сақшылар 8 қолайсыз отбасыны тізімге алды

Үстіміздегі жылдың 22-24 желтоқсан күндері аралығында жасөспірімдер қылмысын ескерту және алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ теріс қылықтармен айналысатын жасөспірімдерді анықтап, дер кезінде шара қолдану және жасөспірімдер алдындағы ата-аналардың, заңды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында республика көлемінде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде.
Аталған кешенді шараға ІІО-нің жеке құрамы жұмылдырылып, жергілікті атқарушы органдардың, прокуратураның, білім беру, денсаулық сақтау органдарының, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты филиалы өкілдерінің қатысуымен алкоголь ішімдіктерін ішетін, заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз түнгі мезгілде немесе сабақ уақытында тыйым салынған орындарды жағалайтын кәмелетке толмағандарды, мектептер мен лицей оқушыларына теріс криминогендік ықпалы бар және бопсалаумен айналысатын жасөспірімдерді, кәмелетке толмағандардың есірткі және психотроптық заттарды тұтыну фактілерін, оларды пайдалануға тартатын адамдарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Іс-шараның бірінші күнінде ішкі істер органдарына барлығы 41 жасөспірім жеткізілді. Жасөспірімдердің қатысуымен  36 әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны анықталса, 5-уі қаңғыбастық пен кезбелікке салынғандығы белгілі болды. ҚР ӘҚБтК-нің 111-бабы бойынша 3 ата-анаға және ҚР ӘҚБтК-нің 336-4-бабы бойынша 33 тұлғаға әкімшілік шара көрілді. Ішкі істер органдарының есептік тізіміне 13 жасөспірім, 8 қолайсыз отбасы алынды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: