Қалалық білім бөлімінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен семинар өткізілді.
Онда Қазақстан Республикасының кейбір Заңнамалық актілеріне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды қызметте қолдану, аппаратпен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер барысында туындайтын мәселелер бойынша және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбы таразыланды.
Семинарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер барысында туындайтын мәселелер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары қаралып, іс-шараның қорытындысы бойынша қызметкерлердің сұрақтары мен ұсыныстарына жауаптар мен тиісті түсіндірмелер берілді.