Комиссия мүшелері «Мерейлі отбасы -2018» байқауының қалалық кезеңінің іріктеуінен өткен отбасылармен танысуда.
Досмахановтар отбасы – Қарауылтөбе ауылдық округінде шаруашылықтың өрісін кеңейтіп отырған отбасы.
Өңірімізде үрім-бұтағын жайқалтып өсіріп, ұлты мен жұртына адал еңбегімен, өнегелі тәлім-тәрбиесімен танылып жүрген отбасылар жеткілікті. Солардың бірі- Аманкелді ағамыз мен Нәзима апайдың шаңырағы. 55 жыл бір шаңырақ астында өмір сүріп, 6 қыз және 4 ұл тәрбиелеп, немерелер сүйіп отырған қарапайым еңбек адамдары көпке үлгі болуға әбден лайық.
Отағасы Досмаханов Амангелді зейнеткер, ауылдың құрметті ардагері, Қарауылтөбе а/о Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, кәсіпқой емес медиатор.