Аудан әкімі Н.Шамұратов төрағалық еткен әкімдік мәжілісінде 2 мәселе қаралды.
2015 жылдың қорытындысымен ауданның әлеуметтік-экономикалық және индустриялық-инновациялық даму серпіні мен деңгейінің орындалуы туралы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Б.Жарылқап хабарлама жасап, көрсеткішті жоғары деңгейге жеткізу үшін ұсыныстар талқыланды.
Аудан бойынша жер учаскелері жөнінде аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Жанұзақ баяндады.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Нажмадин Шамұратов елді-мекен жерлерінде нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбай отырған жеке және заңды тұлғалардың жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарын ұдайы жүргізуді, «қызыл сызықтан» асып қоршап алып отырған тұрғын үйлерді анықтауды тапсырды.