Елімізде Қызылордада жария етілген мүлік саны жоғары
2015 жылдың 23 ақпандағы жағдайы бойынша есептіліктердің қорытындысымен келіп түскен өтініштердің саны – 349 құрады (жылжымайтын мүліктер 440). Келген өтініштер бөйынша мүліктердің жалпы құны 3,9 млрд.теңге құраған.
Облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Жақыпбаевтың айтуынша, олардың ішінде 268 өтініш бойынша жалпы сомасы 3,1 млрд. теңге құраған 329 жылжымайтын мүлік жария етілген (түскен өтініш санының 77% құрайды).
Жалпы, республика бойынша басқа облыстармен салыстырғанда Қызылорда облысында жарияланған мүліктердің саны жоғары болып отыр.
Бұл шара аясындағы аса белсенділік танытып отырған Қызылорда қаласы мен Қармақшы ауданының тұрғындары. Нақтырақ айтсақ, бүгінгі күнгі есептілік көрсеткіштері бойынша Қызылорда қаласында – 239 өтініш болса, Қармақшы ауданында - 42 өтініш түскен.