Қызылорда қаласын жасыл желекке айналдыру мақсатында көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп келеді. Қызылорда қаласында 52 аллеялар мен скверлер бар. Аталған аумақтарға жыл көлемінде мыңдаған көшеттер мен гүлзарлар отырғызылды. Қаламыздың әсем келбетін айшықтайтын түрлі архитектуралық формалар орналастырылып, жаңа демалыс орындары мен саябақтар салынуда. Биыл, Тұңғыш Президент саябағы Рәміздер алаңына дейінгі аумақта қосымша 36 гектарға кеңеюде. Бұл бағытта, ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 500 млн. теңге бөлінді.