Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МЕДИАЦИЯҒА АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ


ҚР «Медиация туралы» заңының қабылданғанына 7 жыл толуына орай Қызылорда қаласында мерекелік шара өткізілді.

Медиация институтын дамыту, оның қолдану аясын кеңейту мақсатында қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Бітім» медиация орталығы қоғамдық бірлестігімен бірге «Қызылорда қаласында медиация қызметін дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылуда.
Жалпы, ҚР «Медиация туралы» Заңының талаптарын орындау мақсатында Қызылорда қаласы әкімінің 2013 жылғы 14 қарашада «Қалалық жұмысшы тобын құру туралы» №383 өкімі қабылданған.
Қазіргі таңда, біздің өңірімізде медиация саласының абыройы мен сұранысы жыл санап артып келеді.
Оған, қаламызда тіркелген медиаторлар саны мен медиацияға жүгінушілер қатарының артуы дәлел болуда.
Мысалы, былтырғы жылы Қызылорда қаласы бойынша 37 кәсіби емес медиаторлар тіркелсе, биылғы жылы қаламыздағы медиаторлардың саны 105-ке жетіп отыр.
2013-2017 жылдары аралығында, қаламыздағы кәсіпқой емес медиаторлардың араласуымен 50-ден астам даулы мәселелер оң шешімін тауып, мәмілеге келген.
Бүгінгі мерекелік шара аясында облыс әкімінің, қала әкімінің және «Бітім» медиация орталығы қоғамдық бірлестігінің атынан барлығы 21 медиатор «АЛҒЫС» хаттармен марапатталды.
Аталған шараға қала әкімінің орынбасары Ш. Байманов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т. Маханов қатысып, медиаторларға облыс және қала әкімдерінің марапаттарын табыстады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: