Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада автокөлік шиналары шығарылады

Қызылордада автокөлік шиналары шығарылады«Кәсіпорын қазақстандық инвестициялық қордың қолдауымен іске қосылмақ, жобаны жүзеге асыруға 52 млрд теңге жұмсалады.
"Өндірісте жоғары технология қолданылатындықтан, құрылыс жұмыстарына ұзақ уақыт қажет, кәсіпорын 2016 жылы іске қосылады деп жоспарлануда. Айтпақшы, жобаға қатысуға бірнеше әлеуетті инвестор қызығушылық танытты, олардың ұсынысы қаралып жатыр», - дейді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мұрат Имандосов.
Басқарманың мәліметінше, зауыт іске қосылғаннан кейін жылына 179,1 мың тонна шина шығарылады, ал кәсіпорында 300 тұрақты жұмыс орны ашылмақ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: