Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ОҰУШЫЛАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ


Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен қала әкімдігінде аппарат мәжілісі өтті. Тиісті сала басшылары, ауыл-кент әкімдері қатысқан жиында 2 мәселе қаралды.
Қалалық білім бөлімінің басшысы Ақарыс Нұрсейітов жаңа оқу жылының дайындық барысын сөз етті.
Биыл Қызылорда қаласындағы мектептерді бітірген 2141 түлектің 1670-сі ҰБТ-ға қатысып, 919-ы грант иегері атанды. Ал былтыр бұл көрсеткіш 612 түлекті құраған еді. Сонымен қатар, қалаға қарасты барлығы 54 мектепте биыл 59127 оқушы білім алады деп күтілуде. Жыл өткен сайын оқушылардың саны артып, жаңа мектепке сұраныс жоғары болып тұр. Соған сәйкес қазір Жаппасбай батыр көшесінің бойында құрылысы жүріп жатқан 600 орындық жаңа білім ұясы алдағы уақытта пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ, «Саяхат», «Арай-3», СПМК мөлтек аудандары мен Қызылорда-Жезқазған трассасының бойынан жаңадан білім ошақтарын салудың жоба-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Ал оқулықтарға биыл 582 млн 325 мың теңге бөлініпті.
Үстіміздегі жылы 1 тамыздан бастап облыста «Мектепке жол» республикалық акциясы басталып кетті. Қайырымдылық акциясы аясында жеке кәсіпкерлер, ірі компаниялар, банктер мен жекелеген азаматтар игі іс-шараға демеушілік жасап отыр.
Нәтижесінде барлық мектептер бойынша 7000-нан аса балаға 120 млн. теңге көлемінде қамқорлық көрсетіледі деп күтілуде, оның ішінде жалпыға міндетті оқу қоры есебінен 5025 балаға 106 млн. теңге қаржыға қыстық киімдер мен аяқ киімдер алып беріледі, – деді А.Дүйсенбайұлы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: