Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БЕРЛЕСКЕН КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ


3 шілде күні қала әкімінің орынбасары Ш. Баймановтың төрағалығымен қала әкімі жанындағы «Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық», «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі» бірлескен кеңес отырысы өткізілді.
Кеңес отырысында
- Тасбөгет кентіндегі ҮЕҰ секторын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы;
- ҮЕҰ-мен салауатты өмірді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған спорттық шаралар туралы;
- Жасөспірімдер арасында отбасы құндылықтарын насихаттау шаралары туралы;
- Отбасы жағдайында зорлық-зомбылықтың алдын алу, зардап шеккен әйелдерге қолдау көрсету шаралары туралы талқыланды.
Отырыс барысында
- Барлық ауылдық елдік мекендерде ҮЕҰ секторын дамыту бағытында және ҮЕҰ-ды республикалық дерекқор базасына тіркеу бойынша жұмыстарды үйлестіру;
- Білім бөлімі және спорт бөліміне жаз маусымында оқушылардың демалысын тиімді өткізуді және спорттық шаралармен қызықтыру жұмыстарын қолға алуды және оны тұрақты бақылауда ұстауды;
- Әлеуметтік желілерде, БАҚ беттерінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын жүргізу жөнінде ұсыныстар қабылданды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: