Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕТ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ЦЕХЫ АШЫЛДЫ


Қызылорда қаласында ет өнімдерін өндіретін тағы бір заманауи «Смағұл» мал бордақылау алаңы іске қосылды.
Бұл жобаны, жеке кәсіпкер «Алтайбаев» өз қаражаты есебінен 300 млн. теңгеге жүзеге асырып отыр.
4 гектар аумақты алып жатқан жер телімі мен 3 мың шаршы метрді құрайтын цехтың қуаттылығы - тәулігіне 50 бас мал сою пункті және 200 бас мал бордақылау алаңынан тұрады.
Ең маңыздысы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды басты мақсат тұтқан бұл нысан 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтығалы отыр.
Осындай, өңіріміздегі агроөнеркәсіп кешенін дамыту жолында маңызы зор айтулы нысанның ашылу салтанатына қала әкімі Н.М.Нәлібаев және облыс әкімінің орынбасары С.С.Қожаниязов арнайы қатысты.
Қала әкімі Н.Нәлібаев бұған дейін де маңызды жобаларды жүзеге асырып, өңіріміздің экономикалық әлеуетінің артуына қосып жүрген айтарлықтай үлесі үшін, жоба жетекшісі жеке кәсіпкер «Алтайбаевқа» алғысын жеткізді.
- «Туған жерді түлетіп, ел мүддесі үшін еңбек етіп жүрген жоба басшылығына риясыз алғысымды білдіремін және жаңа бастамаларыңызға табыс, кәсіптеріңізге береке тілеймін» - деді, қала әкімі құттықтау сөзінде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: