Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕТ ӨНДІРУ АРТТЫ 


Соңғы жылдары қаланың ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді.
Оның ішінде, Елбасының осы салаға жасаған зор қолдаулары мен «Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында мал шаруашылығын өркендетуде өрелі істер мен тың жобалар жүзеге асырылуда.
Мысалы, соңғы екі жылдың өзінде біздің өңірімізде мал шаруашылығын дамытуға тартылған қаржы көлемі 700 млн. теңгеге жетті.
Ауқымды жұмыстардың арқасында, мал саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда 50 мың басқа артқан.
Оның ішінде мүйізді ірі қара 114 пайызға, жылқы 107 пайызға, түйе 102 пайызға, уақ малдар 109 пайызға артып отыр.
Қалада ауыл шаруашылығы өндірістік коопертивтерінің саны 27-ге жетті. Оның ішінде мал бордақылаумен айналысатын коопертивтер саны 18-ді құрады.
Осындай жұмыстардың арқасында, ет өндіру 110 пайызға артып отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: