Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯ ҮЗДІКТЕРІ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МЕДАЛЬМЕН НАГРАДТАЛДЫ


Қызылорда қаласының 200 жылдығы аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалының ерен еңбегімен ерекшеленген бір топ үздіктері мерейтойлық медальмен наградталды.
Аймақтың қалыптасуына, экономикасының өркендеуіне, әсіресе, халықтың әл-ауқатының жақсаруына өзіндік үлес қосуда еңбек ұжымдарының қатарында мемлекеттік корпорацияның облыстық филиалының алар орны ерекше.
Бүгінде мемлекеттік корпорация жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру, мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу саласындағы түрлі қызметтерді көрсетіп қана қоймай, оларды заман талабына сай оңтайландырып отыр. Аталмыш салада жаңа қызмет түрлері де күн санап көбеюде. «Азаматтарға арналған үкімет» цифрландыру үдерісінің көшбасшысы ретінде аймақта цифрландыру ісіне ықпал ететін, нақты жобаларға бастамашы болуда.
Шахар басшысы өз сөзінде халыққа сапалы, әрі тиімді мемлекеттік қызмет көрсету саласының қыр-сырын жетік мең¬геріп, уақытпен санаспай еселі еңбек етіп жүрген тәжірибелі мамандарды марапатымен құттықтап, олардың әрі қарай да аймақтың өсіп-өркендеуі жолында бар күш-қайраттарын салып еңбек ете беретіндеріне сенім білдірді.
Айта кетейік, жыл басынан бері филиалмен 1 млн. мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның тең жартысы электронды форматта.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: