Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Кәсіпкерлік көкжиегі кеңейген ауыл 

Қазалы ауданындағы Ғани Мұратбаев атындағы ауылында қырыққа жуық шаруа қожалығы жұмыс істейді. Бір жауапкершілігі шектеулі серіктестік, «Жас Ғани» өндірістік кооперативі және 48 жеке кәсіпкер тіркелген. Жалпы айтқанда барлығы 89 шағын және орта бизнес субъектісі бар.
Жеке кәсіпкерлер жергілікті тұрғындардың сұранысынан бөлек аудан орталығына бірқатар тауар түрлерін экспорттайды. Мұнда нан өнімдерін шығарушы, бес бірдей жолаушылар тасымалы және 15 азамат мал өсірумен айналысады. Тағы 21 тұрғынның жеке шағын тіршілігі бар. Бұлардың қатарына биыл 15 мұратбайлық кәсіпкер қосылған. Жыл сайын ауыл тұрғындары таза табиғи өнім алу мақсатында «Құрманай», «Қырғыз», «Алтай» каналдары бойында орналасқан 20 гектар жерге бау-бақша дақылдарын егеді. Сәйкесінше өнім мұндағы бағаның қолжетімділігін қамтамасыз етіп отыр.
Аудан орталығы мен ауыл арасы бірнеше шақырымға созылып жатқанымен ауылдан қалаға, қаладан ауылға жаяулату қолдан келетін іс емес. Соны ескерген көлік жүргізушілері кіші сыйымдылықтағы қоғамдық көлікпен жолаушы тасып, нәпақасын айырып отыр. Қажеттілікке сай күніне 11 рет екі ортаны тоздырады. Адамдарды діттеген жеріне жеткізу үшін жолақы бар-жоғы 80 теңге етіп бекітілген. Сонымен қатар 5 жеңіл автокөлік иелері патент арқылы жолаушылар тасымалымен айналысады. Бұл жөнінде ешқандай қиындық жоқ деп сенімді түрде айтуға болады.
Кәсіппен жаңадан айналысушылар үшін таптырмас мүмкіндікке айналған “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған” бағдарламасының бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 3 ауыл азаматы өтініш берген. Бірақ елдегі ахуалға байланысты ­басталатын уақыт белгісіз. Талапкерлер аталған жобаның екінші бағыты бойынша 203 миллион теңге қаражат иемденген. Оның ішінде 8 жоба жеңілдетілген несие, 4 азамат грант жеңіп алған. Қалған бөлігі, яғни 120 миллион теңге «РЗА-Агро» серіктестігіне тиесілі. Серіктестік көктемгі егістікке қажетті материалдар, қосалқы бөлшектер, жанар-жағар май алу үшін құжат тапсырып, ол қанағаттандырылған.
«Бастау бизнес», «Бизнес кеңесші» жобалары аясында оқыту курстарына кәсіпкерлерді тарту жұмыстары жүйелі үйлестірілуде. 2020 жылда «Бастау бизнес» және «Бизнес кеңесші» жобасы бойынша 12 адам тіркеліп үлгерген. Жаңадан кәсіп бастап, өзін қамтамасыз етіп, экономиканың дамуына үлес қосқысы келетін ауыл тұрғындарының да есімін атап өткен артық болмас. Олардың қатарында Нұрбол Ахметжанов, Темір Ерсұлтан, Нұрбек Мырзағалиев, Нұртілеу Байжігіт есімді азаматтар мен Гульнар Казиева, Анаркуль Айткулова, Гүлназия Тәжікбаева, Жұлдыз Әленова, Айсәуле Сейіт, Айбөпе Өтегенова, Жансая Кеңес, Ақнұр Лекер сынды арулар бар. Бұдан бөлек Нұрбол Ахметжанов, Темір Ерсұлтан, Гүлназия Тәжікбаева есімді болашақ кәсіп иелері онлайн оқуды аяқтап, сертификат иемденіп үлгерген.
Бағдарламаның үшінші бағыты негізінде жыл қорытындысы бойынша 7 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған. Тағы 13 тұрғын ақылы қоғамдық жұмысқа қабылданды. Сонымен қатар жоғары оқу орнын аяқтаған 7 жас маман мамандығына сай жұмыс табылмағандықтан жастар тәжірибесі бойынша құжаттарын өткізген. Олар уақытша жұмысқа берілетін жолдаманың жақын арада шешілетінен үмітті. Айта кетейік, өткен жылы ауылда 13 адам тұрақты тіршілікке тартылып, 4 жас маман жастар тәжірибесінен өткен.
Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасы аясында ірі 4 жоба қаржыландырылып, 61 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: