Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СЕКСЕН ЖЫЛДАҒЫ СЕРПІНДІ ІСТЕР

Қызылорда қаласының тарихында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің өз орны бар. Бүгінде еліміздегі беделді оқу орны болып табылатын университеттің сексен жылдан астам тарихы бар.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті – Арал өңірі мен Қазақстанның оңтүстік-батыс аймақтары үшін түрлі саладағы білікті мамандар даярлайтын іргелі жоғары оқу орны.
1998 жылдың 24 наурызында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтының бірігуі негізінде құрылған. ҚМУ-дың оқу және ғылыми жұмыстарын жоғары білікті оқытушылар ұжымы жүргізеді, олардың 49-ы ғылым докторы, 287-сі ғылым кандидаты. 12 мыңнан астам студент күндізгі, сырттай және кешкі бөлімдерде жаратылыстану және әлеумет, гуманитарлық сала, экономика, педагогика, өнер, мәдениет, спорт саласы, технология машиналар мен құралдар, мұнай-газ ісі, электр¬энергетика, азық-түлік өнімдері технологиясы, құрылыс, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы, т.б. салалар бойынша дәріс алады. Білім беру жүйесін дамыту, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу арқылы оқу процесін жетілдіру, ғылым мен практиканы ұштастыру, оқытушылар мен студенттер шығармашылығын қалыптастыру – университет дамуының негізгі ұстанымдары болып саналады. ҚМУ қызметінің басым бағыттары Болонья декларациясының талаптарына сай келетін жоғары кәсіптік білім берудің жалпы еуропалық жүйесіне кіру, оқу процесін жүйелі ұйымдастыру, кәсіптік білім берудің көп сатылы жүйесін дамыту, бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыру мен жүргізуді ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету болып табылады. 1993 жылы ҚМУ жанынан Қазақ-түрік лицейі, 1994 жылы жаңа үлгідегі мектеп-гимназия ашылды. Бұл оқу орындарында жоғары мектеп мамандары: ғылым кандидаттары, доценттер, жоғары санатты оқытушылар сабақ береді. Лицей мен мектеп-гимназияда шетел тілі және информатика пәндері бірінші сыныптан бастап тереңдетіліп оқылады.
ҚМУ шетелдік жоғары оқу орындарымен байланыс орнату және оны дамыту жөніндегі шаралар кешенін төмендегі бағыттар бойынша жүргізеді: шетелдік оқу орындарымен тікелей келісім шарт бойынша байланыс; елшіліктер, түрлі халықар. қорлар және орталықтармен қатынас; оқытушылар құрамының шетелде тәжірибе алмасуы; шетелдерде мамандар даярлау; жолдама, шақыру арқылы шетел мамандарының, еріктілерінің қызметі; шетелдік қазақ жастарына білім беру; озық білім тәжірибелерін тарату; білім бағдарламаларын халықаралық стандарттармен сәйкестендіру; аспиранттар мен студенттерді шетелдерде оқыту. ҚМУ осы мақсатта АҚШ, Канада, Түркия, Оңтүстік Корея, Египет, Ресей, Белоруссия, Украина, Қырғызстан, т.б. алыс және таяу шетелдердегі ғылыми орталықтармен және жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан. Университет 1998 – 2002 жылдар аралығында Оңтүстік Альберта технология институтымен (SАІТ, Канада) бірлесе отырып Канада халықаралық даму агенттігі қаржыландыратын (СИДА) «Қазақстанның жоғары оқу орындарына техникалық көмек көрсету» атты жобаны жүзеге асырды. Бұл жоба негізінде «Экономикадағы ақпараттық жүйелер», «Ақпараттарды өңдеудің автоматтандырылған жүйелері», «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Экономика және менеджмент» мамандықтары бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламалары жаңартылды. ҚМУ бірнеше жылдан бері Канаданың жетекші ауыл шаруашылық оқу орындарының бірі – Олдс колледжімен, Саскачеван университетімен Қазақстан – Канада – Қырғызстан арасындағы «Ауыл шаруашылық саласында кәсіби білім беруге ықпал ету, технологиялар ұсыну бағдарламасы», «Өндірістегі қолданбалы зерттеу мен сауда және индустриямен өзара байланыс бағдарламалары» атты үш жақты жобаны жүзеге асырып келеді. Аталмыш жобаны да Канада халықаралық даму агенттігі қаржыландырады. Сондай-ақ, Түрік халықаралық ынтымақтастық басқармасымен (ТІСА) бірлесе отырып «Қазақ-түрік қолданбалы өнер орталығы» атты екі жақты жобаны іске асырып келеді. Жоба мақсаты халықар. стандарттарға сай сәндік-қолданбалы өнер – кілем тоқу, зергерлік бұйымдар саласы бойынша жоғары білімді мамандар даярлау. Жоба шеңберінде университетте арнаулы кілем цехы іске қосылып, «Кәсіби білім беру» мамандығы негізінде қолдан кілем тоқу ісі бойынша мамандар даярланады.
ҚМУ шетел тілдерін Франция, Түркия, Корея, Египеттен ерікті оқытушылар қатыстыру арқылы оқытуды тәжірибеге енгізген. Университетте Корей Республикасы Елшілігі жанындағы Корей ағарту орталығы мен Корей халықар. ынтымақтастық агенттігінің (КОІСА) бірлескен бөлімі ашылды. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу мемлекеттік инженерлік университеті, Қазан, Киев мемл университеттері, Кенги университеті, Чан-Янг университеті (Сеул, Корея), Сүлеймен Демирель ун-тімен (Түркия), MASHAV халықаралық байланыс орталығымен (Израиль) білім және ғылым мәселелері бойынша тығыз байланыс орнатылған. Сондай-ақ ҚМУ Қоғамдық-технология колледжбен (Миннеаполис, Миннесота штаты, АҚШ) бірлескен Интернеткурсын өткізіп келеді, университеттің «Аударма ісі» мамандығы студенттері аталған колледжде білім алу құқығын бірнеше мәрте иеленді. ҚМУ халықаралық университеттер ассоциациясы мен экономика және бизнес пәндері бойынша ресурстық желінің мүшесі бола отырып экономика, бизнес пәндері бойынша оқулықтармен көмек беретін CARANA Корпорациясының EdNET жобасы аясында «Еуразия» қорының (USAІD) грантын иеленді. Университеттің оқытушылар құрамы Орталық Еуропа университетінің Ресурс Орталығы мен (Будапешт, Венгрия), ТМД, Таяу Шығыс елдерінің жоғары оқу орындары оқытушыларына арналған оқыту әдістемелері бойынша өтетін семинарларға ұдайы қатысады. Университет жанында шетелдерде білім алу мәселелері бойынша Сорос – Қазақстан қорының бөлімшесі жұмыс істейді. Аталмыш бөлімше арқылы студентттер білім және ғылым саласы бойынша кеңес алу, ақпараттық құралдармен танысу, АҚШ жоғары оқу орындарына тапсыруға қажет TOEFL, GMAT, GRE тесттеріне дайындалу, ІREX, ACCELS, USІS, Сорос қорларының стипендиялық бағдарламалары бойынша ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды. ҚМУ жанында мұражай және көрме залы жұмыс істейді.
Мұражайда университеттің өнері мен мәдениетінен сыр шертетін 1 көрме залы, 2 этнография залы, 1 техника залы, ун-т тарихын баяндайтын 6 экспозиц. зал бар. Мұражай қорында 3960 экспонат сақтаулы. Ун-т кітапханасы Қызылорда облысы оқу орындары кітапханаларының әдістемелік орталық болып табылады. Қазіргі уақытта кітапхананың жалпы қорында 2 млн дана басылым бар. Онда сирек кездесетін (5000 дана), ағылшын тіліндегі түпнұсқа әдебиеттер (1300 дана), электронды оқулықтар (300 дана) және миллионға жуық арнайы техн. әдебиеттер жинақталған. Оқырмандарға екі электронды зал қызмет көрсетеді. Кітапханада оқырмандар конференциясы, тақырыптық көрмелер, жаңа әдебиеттер көрмесі, өнер адамдарымен кездесулер өткізіледі. ҚМУ-дың жоғары сайланбалы өкілетті басқару органы – ғылыми кеңес болып табылады. Оның міндеті – университеттің келешегін, негізгі бағыттары мен ғылыми, экономикалық және әлеуметтік даму стратегиясын анықтау. Университет ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары: құрылыс материалдары мен құрылыс өндірісінің технологиялары; аймақтың минералдық байлықтарын қайта өңдеудің физика-химия негіздері; ауыл шаруашылық дақылдарын өндіру және қайта өңдеу, сақтау технологияларының проблемалары; Қорқыт Ата мұрасы және ежелгі түркі өркениеті; Арал өңірінің экологиясы; Қызылорда облыстық экономикасының проблемалары; машина-трактор агрегаттарын пайдалану тиімділігін көтеру жолдары; жерасты болат магистралды құбыржелілерінің төзімділігі; суармалы егіс ал¬қаптарының экол.-мелиоративтік жағдайы; Арал теңіз табанын игеру, т.б. Университет жанынан Ежелгі түркі өркениеті және Қорқыт Ата мұраларын зерттеу орталығы құрылған. 2003 ж. осы орталық негізінде «Ежелгі түркі өркениеті және Қорқыт мұраларын зерттеудің көкейкесті мәселелері» тақырыбында халықар. ғылыми-теория конференция өткізілді. Қазіргі уақытта ҚМУ археологтары Оғыз мемлекетінің астанасы Жанкент қаласының орнын зерттеу үстінде. Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы көне қалалар мен Арал т-нің табанына жасалған ғылыми экспедициялар барысында құнды археологиялық материалдар жиналды. Университет ғалымдары бірқатар мемлекет ғылыми-технология бағдарламаларды орындауға қатысуда. ҚМУ студенттерінің қоғамдық қызметі Жастар ісі жөніндегі комитет арқылы жүзеге асырылады. Халықаралық, республика байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпаздары «Дидар» этнография-фольклорлық ансамблі, гандболдан Азия елдері және республика чемпионаттарының жүлдегері «Сейхун – Кам» қыздар командасы, республика және облыс байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпаздары «Час пик», «Қазақтың қазағы», «Сәтті сағат», «Қорқыт құрамасы» көңілді тапқыштар клубы мен КВН командалары, «Ақиқат» дебат клубы – университет мақтанышы. ҚМУ студенттері арасында, сондай-ақ, республика «Шабыт», «Жас толқын» фестивальдарының лауреаттары, республика пәндік олимпиада жеңімпаздары мол. Студенттер өмірінде «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығы және "Студенттер кәсіподақ комитетінің" алатын орны ерекше. Бұдан бөлек университет студенттері көптеген ұйымдар мүшелері болып, университеттің қоғамдық өміріне етене араласып, бос уақытын қызықты өткізуіне болады. Атап өтетін болсақ, "Әскери патриоттық клуб", "Нәзік" қыздар кеңесі, "Ұлағат Ұландары" ЖҚБ, "Қазақстан Студенттер Альянсы", "Жас Отан" жастар қанаты, "Студенттер Кәсіподақ Комитеті", "Грация" би тобы, "Қыран" еріктілер жасағы, "Ақиқат" дебат клубы сияқты көптеген ұйымдар жұмыс жасауда. ҚМУ қазіргі уақытта білім берудің жаңа технологиялары кеңінен қолданылатын, материалдық-технология базасы бай, оқу мен тәрбие тұтастығын қамтамасыз ететін бакалавриат, магистратура, аспирантурасы бар білім мен ғылымның ошағы болып табылады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: