Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ИГІЛІКТІ ІСТЕР БАСТАУЫ 


1980-90 жылдары Қызылорда қаласы өмірінде көптеген өміршең өзгерістер болды. Осы кезеңде қазіргі Абай даңғылы, Желтоқсан, А.Тоқмағамбетов көшелерінде сәнді үйлер, зәулім ғимараттар бой көтерді. Сол жылдарда салынған «Ақмешіт», «Мерей» шағын аудандары, «Оңтүстік мұнай-газ» фирмасының әкімшілік үйі, диагностикалық орталық, облыстық аурухананың жаңа ғимараттары қала ажарын аша түсті. Шетелдік компаниялар Сыр бойының табиғи байлығын игеруге белсене атсалысты. Ол тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсара түсуіне ықпал етті.

Қала дамуындағы тың серпін мемлекет қайраткері Еркін Әуелбековтің 1985 жылдың қаңтар айында Қызылорда облыстық партия комитетіне бірінші хатшы қызметіне келуімен тығыз байланысты. Білікті басшы он күн бойы өңір жағдайымен танысып, сосын шаруашылықтарды аралады. Қызылорда теміржол вокзалы алдындағы жаңадан салынған автостанция ғимараты басқа олрынға көшірілді. Себебі әлемдік тәжірибеде вокзалдың алды алаң болу керек. Ал Қызылорда вокзалының алдынан 1972 жылы салынған ғимарат көзге бірден ерсі көрінетін.
Келесі архитектуралық оғаштық – Қызылорда әуежайының қаланың нақ ортасында орналасуы еді. Бұл – барлық жағынан қауіпті. Жаңа басшы келген бойда жаңа әуежайды қаланың сыртына шығаруды қолға алды. Қаланың бас архитектиуралық жоспарын қайта жасауға пәрмен берді. Бір қызығы, Е.Әуелбеков облыс басшылығынан кеткен соң, жаңа бас жоспар жүзеге аспай қалды. Оны 2007 жылы оны сол кездегі облыс әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед зорға таптырған еді...
Е.Әуелбеков бұған дейінгі хатшыларға қарағанда орталық, республикалық партия, кеңес органдары мамандарымен тығыз байланыста болды. Мәскеудің алдына бюджетте бұрын қаралмаған Қызылорда облысын үшінші категориядан екінші категорияға кіргізу мәселесін қойды. Нәтижесінде облысқа орталықтан бөлінетін қаржы бірнеше есе өсті. Бұрын оқу-ағарту мекемелердің жүйкесіне тиетін мәселелердің бірі – күріш жинау науқанына мектеп оқушылары мен студенттерді тарту, көрші облыстан автокөлік сұрау еді. Бұл науқаншылықтың пайдасынан зияны көп еді. Енді ондай істер жасалмайтын болды. Осындай талаптардың нәтижесінде 1985 жылдың қорытындысында көптеген шаруашылықтар таза пайдамен шықты.
Бұған дейін шешілмеген силикат қабырғалы материалдар зауытының қордаланған мәселелерін мемлекеттік жоспарлау, үкімет алдына табандылықпен қойып шешті. Зауыт жұмысшыларына арналған 220 орындық жатақхана құрылысына қаржы бөлдіріп, екі жылда бітіруге тиісті құрылысты сегіз айда бітіргізді.
Осындай игілікті істің бірі – облыстың экологиялық апат аймағында орналасқанын дәлелдеді. Бұл орайда Мәскеуден мамандар, ғалымдар, сарапшыларды арнайы шақыртылды. Тұрғындарға – «Арал экологиялық апат аймағы» статусын алып беру ісіне мән берілді. Нәтижесінде облыс тұрғындарының жалақысына 30-50 пайыздық үстеме қосылды. Бұл теңдесі жоқ ерлік еді.
Сондай-ақ облыс орталығында диагностикалық орталық салынды. Жезқазған облысының құрамынан мұнайлы «Құмкөл» кеніші 20 жылға Қызылорда облысына жалға берілді.
1987-1988 жылдарда орта және жоғарғы оқу орындарында интернационалистік іс-шаралар күшейді. Облыстық мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, әсіресе Қызылорда педагогикалық институтының қоғамдық пәндер кафедраларының оқытушылар құрамына қатаң бақылау орнатты.
1989 жылы Қызылорда облыстық партия комитетінің басшылығына С.Шаухаманов келді. Оның басқарған жылдары КСРО мемлекеті өмір сүрген соңғы жылдар еді. Облыс көлемінде жаңадан құрылып жатқан қоғамдық ұйымдар мен партиялардың белсенділігі жандана түсті. Жаңа басшы қала кәсіпорындары мен мекемелері өнімдерін ауыл халқына жеткізу үшін аудан орталықтарында жәрмеңкелер ұйымдастыруды қолға алды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: