Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ОБЛЫСТАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАРТЫСЫ ҚАЛАНЫҢ ҮЛЕСІНДЕ


Облыс бойынша нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандарының 48,9 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде. Қыркүйек айының басына дейін облыс орталығында 26 мың 087 шағын кәсіпкерлік нысаны тіркелген.
Биылғы жылдың өзінде 2 мың 341 кәсіпкерлік нысанының тұсауы кесіліп, соның нәтижесінде 2 мың 390 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 50 пайызға артты.
Кәсіпкерлікті дамыту «Жол картасы» аясында көптеген іс-шаралар қолға алынып келеді. Іске қосылған 218 жобаның жалпы құны 3 млрд. теңгені құрайды. Соның нәтижесінде 355 жаңа жұмыс орны ашылды. Жергілікті тұрғындар кәсіпкерлік саласын дамытуға бағытталған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламасының да игілігін көріп келеді.
Сол бағдарлама негізінде шағын несиелендіру бойынша 116 жобаға қаржы бөлінді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың қорытындысымен салыстырғанда 2,5 есеге артты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: