Қызылорда қаласында жылу желілерін жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Магистральді жылу желілерін жаңартуға 8 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды. Жылу жүйелері мен қазандықтарды ағымдағы, күрделі жөндеуден өткізу бағытында тиісті жұмыстар атқарылды.
Сонымен қатар, 150 гектар жер учаскесінің инженерлік инфрақұрылымын салуға қажетті жоба-сметалық құжаттар дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Биыл осы аумақтың электр желілері құрылысына республикалық бюджеттен 300 млн. теңге және сыртқы сумен жабдықтау желілерінің құрылысына 655 млн. теңге бөлінді. Бұл жұмыстар толық аяқталған уақытта 1200-ден астам адам жер телімімен қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, бұған дейін шешімі табылмай келген мәселе – тұрмыстық қалдықтар полигоны жыл аяғына дейін ашылатын болды. Ол үшін бұрынғы полигоннан 3 шақырым жерден 20 гектар жер бөлінген. Жоба аясында 300 млн. теңгеге қажетті құрал-жабдықтар алынып, полигон аймағынан скважина орнатылған. Қазіргі таңда іргетасының орны дайындалуда.
Мұнан соң жиында қала тұрғындары мен депуттардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Аталған мәселелер қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралатын болады.