ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ҚЫЗЫЛОРДАҒА САЯХАТТАДЫ
Аудан әкімінің қолдауымен, «Шиелі ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ауданынымыздың эканомикалық өсіп өркендеуіне өлшеусіз еңбек еткен сала ардагерлерін Қызылорда қаласының көрікті жерлерін аралап, жаңадан бой көтеріп келе жатқан сол жағалаудағы қалашықтың құрылыс жұмыстарына танымдық экскурция-саяхат жасап қайтты.
Шиелі ауданынан 50-ден аса белсенді ардагерлері қаланың сол жағалаудағы жаңадан пайдалануға берілген мұражайда болып, тарихи жәдігерлермен танысты. Саяхат барысында Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына орай «Өнер қонған - Қызылорда» атты Шиелі ауданы көркемөнерпаздарының «Сұлу Сырдың төрінде ән тербеткен Шиелім» атты облыстық өнер фестиваліне қатысып, концертте болған ардагерлер үлкен әсер алғандарын жеткізді.
Алдағы уақытта да ардагерлер бір сергіп, дем алу үшін осындай шараларды жиі ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сапар кезінде дәрігерлер мен арнайы қызметкерлер зейнеткерлермен бірге еріп жүрді.