Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫ ЖӨНДЕЛДІ


Бұрынғы жылдарда Қызылорда қаласында жаяу жүргінші жолы мен аула ішілік жолдары мүлдем ескеріле бермейтін. Соңғы бес жылдың беделінде бұл бағытта да көптеген игілікті істер атқарылды.
2013 жылы ұзындығы 23,9 шақырымды құрайтын 19 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстарына облыстық бюджеттен 491,3 млн. теңге бөлінді.
Сонымен қатар, облыстық бюджет қаржысы есебінен 37 көпқабатты тұрғын үйдің аула ішілік жаяу жүргінші жолдары мен автотұрақтарды жөндеуге 393,1 млн. теңге қаралды. Ал 2014 жыл ұзындығы 11,9 шақырымды құрайтын 13 көшенің жаяу жүргіншілер жолдарын салу жұмыстарына облыстық бюджеттен 264,3 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ, көпқабатты тұрғын үйлердің 25 аулаішілік жолдары мен автотұрақтарын жөндеу мәселесі де ескерілді..Ал 2015 жылы қалалық бюджеттен 20,5 млн. теңгеге көпқабатты тұрғын үйлердің 10 аулаішілік жолдары жөнделді. Ал Хон Бен До көшесінен Қорқыт ата көшесінен дейінгі Торайғыров көшесі бойында 2 жақ бетіне жаяу жүргінші жолдары жөнделді.
Мұндай шаралар 2016 жылы да жалғасын тапты.
Атап айтқанда, Тәуелсіздік даңғылы бойына 7 шақырымды құрайтын 1 жақ бетіне жаяу жүргінші және велосипедпен жүру жолдары салынды. 2,2 шақырым болатын Шымбай көшесін Шевченко көшесінен Саламатов көшесіне дейін 2 жақ бетіне жаяу жүргінші жолдары және 3,0 шақырым болатын Сүлейменов көшесін Шымбай көшесінен Айтбаев көшесіне дейін 2 жақ бетіне жаяу жүргінші жолдары жөнделді.Сондай-ақ, 2017 жылы жалпы ұзындығы 11,6 шақырымды құрайтын Қорқыт ата көшесін Қазыбек би көшесінен Жезқазған трассасына дейін 2 жақ бетіне жаяу жүргінші жолдары жөнделді.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: