Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Кәсіпкерге мүмкіндік мол

Сыр өңірінде кәсіп ашып, оны дамытып жатқан кәсіпкерлер қатары артып келеді. Бұл – аймақтағы кәсіпкерлік саласының қарқынды дамып келе жатқанының көрінісі. 
Сол кәсіпкерлер қатарында құрғақ құрылыс материалдарын өндіру зауытын ашқан Алдабергенов Асхат Дарханұлы да бар. Кәсіпкер ең алғаш кәсібін 2020 жылы ашқан. Қазіргі таңда, құрылыс өнімдерін шығарумен айналысады. 
Кәсіпорында 5 адам жұмыс жасайды. Кәсіпкердің айтуынша жақын арада «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы арқылы несие алып, кәсіпорын қызметін кеңейтіп, жұмысшылар санын көбейту жоспарда бар. 
Аталған зауыт күніне 400-500 қап өнім түрлерін өндіреді. Алдағы уақытта зауыттан құрылысқа арналған бірқатар өнімдер шығарылатын болады. 
Асхат Дарханұлы: «Қазіргі кезде өңірімізде кәсіпкерлік саласы жақсы қарқынмен дамып келеді. Бұдан да жоғарғы деңгейге жеткізу үшін әрбір кәсіп иелері жүйелі түрде жұмыс жасап, өз үлестерін қосуы қажет. Тұтынушыларға қолайлы бағада біраз өнім шығару ойда бар. Сол мақсатқа жету үшін аянбай еңбек етеміз», – дейді.
Кәсіпкердің ойынша бизнес бастап, кәсіп ашқысы келетін адамдар қатары көбейсе, мемлекет тарапынан қолдау міндетті түрде болады. Бастысы адамда ниет пен ынта-жігер болса, барлығы да сәтімен жүзеге асады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: