Қызылорда қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі бұқаралық спорттық іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес жыл басынан денешынықтыру ұжымдарымен бірлесіп 64 қалалық спорттық іс-шаралар өткізіліп, барлығы 37516 адам қамтылды.Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында қалалық бюджеттен 62 891 мың теңгеге Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубы бекітілген жоспарға сәйкес қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық спорттық шараларды ұйымдастырып, өткізуде.
«Қайнар» спорт клубында 49 спорт нұсқаушысы қалаға қарасты 9 елді мекендерде және қалада 3920 адаммен сауықтыру және дене шынықтыру жұмыстарымен айналысады.
Қалалық деңгейде спорттық іс-шаралар өткізуге қалалық бюджеттен 7 262 мың теңге бөлінді. Қалада бұқаралық спортты дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасын тауып жыл ішінде 70 спорттық іс-шаралар өткізуді және 45567 қала тұрғындары қамтылады деп күтілуде.
Қала құрама командасы мүшелерін облыстық жарыстарға тыңғылықты дайындалу және облыс біріншілігіне қатысу үшін жалпы оқу жаттығу жиынын өткізуге 8 облыстық оқу жаттығу жиындарына, 36 облыстық жарыстарға қатысуға қалалық бюджеттен 24 675 мың теңге бөлінді.
Сонымен қатар тұрғындардың, әсіресе жастардың бос уақытын тиімді өткізу және спорт нысандарына тегін негізде қол жетімділігін қамтамасыз етуге қалалық бюджеттен 17 233 мың теңге бөлінді.
19-21 қаңтар аралығында дзюдодан жасөспірімдер арасынан қалалық ашық біріншілікке 54 спортшы қатысты.
26-28 қаңтар аралығында Қызылорда қаласының 200 жылдық мерей тойына байланысты каратэ-додан қалалық ашық біріншілікке 120 спортшы қатысты.
17-18 ақпан аралығында ережесіз жекпе-жектен ересектер арасынан, панкратионнан жастар арасында және греплингтен жасөспірімдер арасында ашық біріншілікке 150 спортшы қатысты.
24-25 ақпан аралығында жасөспірімдер арасындағы шахматтан өтетін спорттық ойынға 120 адам қатысты.
2-4 наурыз аралығында 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған қазақ күресінен 2005-2008 жылдары туылған қыздар арасындағы қалалық ашық біріншілікке 119 спортшы қатысты.
22 наурыз Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесіне орай ұлттық спорт түрлерінен жарыстарға 1500 спортшы қатысты.
6-8 сәуір аралығында Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына орай қазақ күресінен «Алтын белбеу» қалалық кезеңі бойынша жарыс өткізіліп 150 спортшы қатысты.
5-6 мамыр аралығында «Отан қорғаушылар» және «Жеңіс күні» мерекелеріне орай қала тұрғындары арасынан шағын футбодан ашық біріншілік ұйымдастырылып 80 спортшы қатысты.
13 мамыр күні жасөсіпірімдер арасынан таэквандодан ашық біріншілік ұйымдастырылып 220 спортшы қатысты.
9-19 шілде аралығында Қазақстан Респуикаблсының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін VI Халық спорты ойындарынан қала құрама командасына (тоғызқұмалақтан, қол күрес, гір тасын көтеру, асық ату бес асық, Стрит Воркауттан, жағажай волейболынан, үстел тенисінен, футболдан, қазақ күресінен және стриболдан) іріктеу ұйымдастырылып 352 спортшы қатысты.
17-21 тамыз аралығында Қызылорда қаласының 200 жылдық мейтойына және Құрбан айт мерекесіне орай спорттың барлық түрінен жарыстар ұйымдастырылап 335 спортшы қатысты.
20-29 қыркүйек аралығында «Салауатты өмір салтын насихаттау» бағытында кенттер мен ауылдық округтер және жоғары, арнаулы орта оқу орындары арасында волейбол, ҚР Кубогі, қалалық ашық біріншілік, «Қымыз-Шұбат» фестивалі және «Достастық кубогі» жарыстары өткізіліп, барлығы 1472 адам қамтылды.