Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды


2020 жылдың 5 ақпаннан бастап Түйменов Жасұлан Қалдыбайұлы қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды.
Жасұлан Қалдыбайұлы, 1988 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2005 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын «өрт қауіпсіздігі инженері» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласының мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженер – кезек жетекшісі қызметінен бастап, 2013 жылы Сырдария аудандық өрт сөндіру бөлімінде қарауыл бастығы, 2014 жылы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасында аға инженер, бас маман қызметтерін атқарған.
2017 жылдан бастап осы кезге дейін Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы қызметін атқарып келді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: