Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сунақатада Отбасы күні аталып өтті

Сунақатада Отбасы күні аталып өттіОтбасы күніне орай Жаңақорған ауданындағы Сунақата ауылында «Отбасым – бақыт мекенім» тақырыбымен тағылымды шара өтті.
Аталмыш мерекемен сунақаталық отбасыларды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Төлегенов, Қазақстан Жазушылар және журналистер одағының мүшесі А.Сопыбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Шермағамбетов құттықтап, береке, бірлік тіледі. Мұнан кейін ел тізгінін 20 жылдан аса қолға ұстаған ер мінезді әкім А.Қыстаубаева сөз алып, отбасы құндылықтары жөнінде салиқалы әңгіме айтып, тамырын тереңге жайған үлгілі отбасыларды марапаттап, сый-сыяпат жасады.
Мерекелік шара соңы ауыл жастарының әсем әні мен әдемі биіне жалғасып, жиналған көпшілікке кереметтей көңіл күй сыйлады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: