Қызылордада шағын және орта бизнестің өңірлік өнімдегі үлесі өсті
Соңғы 3 жылда шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 14,2%-дан 18%-ға өскен. Бұл жөнінде Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі мәлім етті.
2020 жылғы 1 қаңтарға өңірде 46 297 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасауда (дара кәсіпкерлер – 70%, шаруа қожалықтары – 17,8% және заңды тұлғалар – 12,2%). Өсім – 9,3%.
2019 жылдың 9 айында шағын және орта кәсіпкерлікте 285,5 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. Өсім – 9,9%.