Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Облыс әкімі "25 жыл бірлік пен татулықта!" атты салтанатты шараға қатысты

Бүгін облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қ.Ысқақов 1 наурыз – Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған "25 жыл бірлік пен татулықта!" атты салтанатты шараға қатысты.
Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің құрылған күнінен бастап сан түрлі этнос өкілдерін бір мақсатқа, бір болашаққа топтастыру жолындағы дамудың тезінен өтті.
Бүгінде облыстық ассамблея 11 этномәдени, аудандарда 6 этнобағыттағы бірлестіктер, 118 аналар кеңесі, 165 қоғамдық келісім кеңесі, ғылыми-сарапшылық топ, медиация кабинеті, "Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасы, депутаттық және кәсіпкерлер тобы, журналистер мен сарапшылар клубы, "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысы, қайырымдылық бағытында үйлестірушілік және қолдау көрсету мен волонтерлік орталықтарымен жүйелі жұмыс жүргізуде.
Аймақ басшысы шараға жиналғандарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
" Биылғы жылы өтетін әрбір мерекенің тарихи тағылымы мен рухани құндылығы терең болуы қажет. Себебі, ол көпэтносты халқымыздың бірлесе жүріп өткен дара жолы, бірге көрген қиындығы мен ауыртпалығы, қол жеткізген жетістігі, тұтастай алғанда, барша отандастарымыздың ортақ рухани игілігінің өрелі өлшемі болмақ ",- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: