Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда түйе сүтін қабылдау орындары көбейді

Қызылорда облысында түйе сүтіне деген сұраныс артып отыр. Оған басты себеп - сүт қабылдау пункттерінің ашылып, түйе сүтінің тұрақты қабылдануында екен.
Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов өңірдегі бизнес-қауымдастық алдында берген есебінде айтты.
Ендігі жерде түйесі бар шаруалар басын көбейтуге көшсе, өзгелері сатып алып жатқан көрінеді. Бұған дейін литріне 700-800 теңге болған түйе сүті енді көтерме бағада 1000 теңгеден алынып жатыр. Бұған дейін бір сауын түйе 550 мың теңге болса, ендігі жерде 1 млн.теңгеге дейін көтерілген.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: