Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Баласына алимент төлеуден жалтарып бас бостандығынан айырылды

Баласына алимент төлеуден жалтарып бас бостандығынан айырылдыҚызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 136 бабының 1 бөлігімен кәмелетке толмаған баласына алимент төлеуден жалтарған Қ.-ның қылмыстық ісі қаралды.
Сотталушы Қ. кәмелетке толмаған баласын асырауға арналған алиментті төлеуден 3 жыл 6 айдан астам қасақана жалтарып, баласының тәрбиесімен айналыспай, баламен қарым-қатынас жасамаған. Сот отырысында азамат Қ.-ның кінәсі толық дәлелденген.
2014 жылдың 17 ақпанында сотталушы Қ. ҚР ҚК-ң 136 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, ол 140 (бір жүз қырық) сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылған болатын. Алайда, сотталушы алимент төлеуден жалтаруын қоймады.
ҚР ҚК-ң 136 бабының 1 бөлігімен ата-ананың сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған балаларын, асырауға арналған қаражатты төлеуден үш айдан астам әдейі жалтаруы екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Сот үкімімен азамат Қ. 1 жыл 1 ай мерзімге түзеу колониясына бас бостандығынан айырылды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: