Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасады. Бұл коронавирус дерті туғызған күрделі кезеңде елді ауызбірлікке, сабырлылыққа шақырған салиқалы әңгіме болды деп айтуға толық негіз бар.
Рас, қазір әлем жұртшылығы қатерлі індетпен күресіп жатыр. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Елімізде бұл бағытта тиісті іс-шаралар қолға алынды. Мемлекет тарапынан қажетті іс-шара жоспары жасалып, халықтың қауіпсіздігін сақтау бағытында нақты нәтижеге қол жетті. Сондай-ақ, осындай тығырыққа тірелген сәтте халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарына қолдау көрсету, кәсіпкерлердің қалыпты жұмыс жасауына жағдай жасау және өзге де маңызды мәселелерге назар аударылды. Сын сәтте дүрбелеңге жол беруге негіз жоқ. Мемлекет басшысы айтқандай, коронавирус – батпандап кіріп, мысқалдап шығатын қауіпті дерт. Қауіпті дертпен күрес бағытында ақ желеңді мамандық иелері – дәрігерлер уақытпен санаспай еңбек етіп, нәтижесінде бұл бағытта оң істерге негіз қалады. Басқа да мамандық иелері халықтың қауіпсіздігін сақтау бағытында кірпік қақпастан қалтқысыз қызмет етуде. Олардың әрбірі үлкен жауапкершілікті сезініп, бұл бағытта нақты жұмыстар атқарып отыр.
Бүгін Мемлекет басшысының үндеуінде дағдарысқа қарсы шаралар топтамасы кеңінен қамтылды. Инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды міндеттелді. Табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтардың қатары көбейеді.
«Біз шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алып отырмыз. Кәсіпкерлерге көмек көрсетуіміз керек. Өйткені, олар – экономикамыздың тірегі», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. Көктемгі егіс науқаны үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы қосымша 100 миллиард теңге бөлінетін болды.
Мемлекет басшысы бүгінгі үндеуінде халықты қолдау бағытында қолға алынған иілікті істерді кеңінен атап өтті. «Ең бастысы, шыдамдылық, төзімділік және жауапкершілік танытайық. Біз – рухы асқақ, бірлігі бекем, еңсесі биік халықпыз» деді Президент. Расында, бірлігі бекем ел қай кезде де қиындықты жеңіп шығады. Сондықтан еліміз бұл індетті жеңіп, жарқын істерге жол ашылады деген сеніміміз зор.
Есенжол Назаров, техника ғылымдарының кандидаты, «Nur Otan» партиясы «Тұран» филиалы төрағасының бірінші орынбаcары.