Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Бастау» жобасы бойынша оқыту онлайн жүргізілетін болды


2020 жылдың 10 маусымнан бастап «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік жүргізу негіздеріне арналған оқытудың тегін курстары басталатын болады.
Биылғы жылы қабылданған карантиндік шараларды ескере отырып, "Atameken Academy" онлайн платформасы арқылы қашықтықтан онлайн-оқыту қарастырылған.Халықты жұмыспен қамту орталықтарында (әрі қарай – Орталық) тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар, ҚР Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары оқыту қатысушылары болып табылады, оның ішінде:
- ауылдық елді мекендерде, қалаларда, оның ішінде моно және кіші қалаларда тұратын адамдар;
- мүмкіндігі шектеулі азаматтар, егер медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе не олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне зиян келтірмесе;
- зейнеткерлік жасқа жетпеген елу жастан асқан адамдар;
- сондай-ақ NEET санатындағы жастар;
- табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері;
- ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың «ҚР Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелері;
- қоныс аударушылар және оралмандар.
Оқу мерзімі 21 күннен аспайды. Бағдарлама қатысушыларына сертификат беріледі.
Жоба шеңберінде онлайн-оқыту үшін қатысушылар Орталыққа жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, оқудан өту туралы өтінішпен жүгінуі тиіс. Орталықтар үміткердің мәртебесін жобаның нысаналы тобына сәйкестігі расталған жағдайда оқуға жолдама береді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: