Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық кәсіпкер жүк тиейтін трактор сатып алды

Техникасы бардың несібесін теріп жеуіне мүмкіндігі бар. Жұмыс табылады. Ең бастысы – еңбек ету керек. Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан берілетін шағын несиенің үлесі зор.
Мысалы, Қызылорда қаласының тұрғыны жеке кәсіпкер Нұрбол Сағымбаев жүк тиейтін арнайы трактор сатып алды. Ол осы техникаға қол жеткізу үшін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қызылорда филиалы арқылы 6 млн теңге несие алған болатын. Қазіргі таңда кәсіпкер тракторымен қызмет көрсету арқылы табыс тауып, отбасын асырап отыр.
Айта кетейік, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры кәсіппен айналысамын дегендерге 5 жылға 6 процентпен 6 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі тағы бар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: