Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«DALATEX» өнім түрлерін көбейтті


«DALATEX» тігін фабрикасы 2016 жылдан бері үздіксіз қызмет етіп келеді. Әдепкіде ерлер жейдесін тіккен фабрика бүгінде өнім түрлерін көбейтті.
Қазіргі таңда әйелдер мен балалар жейдесі және арнайы киімдер тігуді қолға алған. Жылына 70-80 мың жейде тігетін фабрика 45-ке жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Тігін фабрикасы жұмыспен қамтып ғана қоймай, маман даярлауға да үлес қосуда. Фабрика базасында оқу орталығын ашып, білікті маман даярлауды мақсат еткен тігін фабрикасы Сыр еліндегі жеңіл өнеркәсіп саласының тамаша үлгісі. Бұл саланы дамытудағы өзекті мәселенің бірі кадр тапшылығы болса, бұл мәселені өз күшімен шешуді қолға алған фабрика отандық өнім шығарумен бірге жергілікті жерде жеңіл өнеркәсіп саласының мамандарын даярлауға үлесін қоспақ.
Аймақта жеңіл өнеркәсіп саласын дамытуға үлес қосқан кәсіпкерлер қатарының жыл сайын көбеюі көңіл қуантады. Мәселен, арнайы киім тігетін «Өркен Әлем», негізінен ұлттық киімдер тігумен танылып қалған «Қолөнер» орталығын атап айтуға болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: