Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Асыл Дәнге» қаржылай қолдау жасалды

Күріш шаруашылығы – болашағы зор және рентабелді салалар қатарында. Тек соңғы жылдары ғана елде халық қажеттілігінен 20%-ға артық күріш өндіріледі. Қызылорда облысында республикада өндірілетін күріштің 83% -дан астамы өсіріледі.
«Асыл Дән ЛТД» ЖШС күріш компаниясы 2010 жылдың маусым айында құрылды. Зауыт тәулігіне 100 тонна өнім шығарады. Заманауи жоғары технологиялық жабдық, барлық өңдеу процесін және шығарылатын өнімнің сапасын бақылайтын зертхана, шикізат пен дайын өнімді сақтауға арналған қоймалары бар. Барлық өнімге СТ РК 1020-2000 және ГОСТ 6292-93 стандартына сәйкестік және сапа сертификаттары берілген. Компания еліміздің көптеген аймақтарын күрішпен қамтып отыр. Сондай-ақ өнімдерін экспортқа табысты сатып келеді.
 2019 жылы компания айналым қаражатын толықтыру мақсатында «Еуразиялық банк» АҚ арқылы «Даму Өндіріс 3» бағдарламасы бойынша 6%-бен несие рәсімдеді. Сондай-ақ, жобаға кепілзат жеткіліксіздігіне байланысты «Даму» Қоры кепіл болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: