Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ауыл тұрғыны несиеге 250 қой алды

Қазіргі уақытта қой шаруашылығымен айналысатын қожалықтар көбейіп келеді. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, мал басын арттырып отырған шаруашылықтар Қызылорда облысында да жетерлік. 
Қызылорда қаласына жақын орналасқан Абай ауылының тұрғыны Раушан Бекжанова да қой шаруашылығымен айналысады. Ол Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қызылорда облысындағы филиалынан 7,5 млн теңге несие рәсімдеп,  241 бас қой мен 9 бас асыл тұқымды қошқар сатып алды. 
Шаруа асыл тұқымды қойының санын көбейтіп, алдағы уақытта ет экспортына атсалыспақ. Асыл тұқымды қой салмақты болады әрі тез өседі. Осыны түсінген шаруалар қазіргі уақытта қолдарындағы малдарын жаппай асылдандыруға бет бұрған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: