Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қашықтан оқыту мәселесі талқыланды

Қашықтан оқыту бойынша оқушылар мен мұғалімдердің арнайы құрылғылармен (компьютер, ноутбук, планшеттер, смартфон) қамтамасыз етілуіне, интернет және ұялы байланыстың қолжетімділігіне мониторинг жасалды. 
Облыста 158 790 оқушы (88 028 отбасы) электронды құрылғылары бар. Электронды құрылғысы жоқ 9 687(6%) оқушыны (4475 отбасы) компьютерлік техникамен қамтуға тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда. Бүгінгі күнге  мектеп баланысындағы  2800 компьютер мұқтаж отбасыларына уақытша пайдалануға берілсе, демеушілер есебінен 239 планшет, 15 ноутбук берілді. Саладағы үнемделген бюджет есебінен 176,7 млн.тг. 2 635 планшет алуға бағытталуда. 
Сондай-ақ, БжҒМ - не әлжуаз топтағы отбасы балаларына 2020 жылы Республикалық бюджетттен 3,4 млрд. тг. 22870 компьютерлік техникалар алу жоспарлануда. (3706 компьютер, 14362 ноутбук, 4802 планшет). Бұл компьютерлердің сатып алу жұмыстары ашық әрі жариялы түрде өтеді. 25 елдімекендегі 2187 оқушы дәстүрлі түрде оқиды. Арал ауданы, Қаратерең ауылындағы  393 оқушының  157-і кезекші топтарда дәстүрлі оқытылса, қалған оқушыларға  телесабақтар арқылы білім беріледі. Сонымен қатар, қала, аудан әкімдіктері дәстүрлі түрде өткізілетін «Мектепке жол» акциясы басталды. Биылғы жылғы акцияның мақсаты - әлжуаз отбасынан шыққан  балаларды электронды құрылғылармен және интернетпен қамтамасыз ету.  Қашықтан оқытуға байланысты 18 мың 17 тамыздан бастап арнайы онлайн курстан өтуде.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: