Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҚСАРТЫЛДЫ


Сыр өңірінің бас қаласы - Қызылордада жылу жүйелерін жөндеу және қайта жаңғырту бағытында ауқымды істер атқарылды
.
Атап айтқанда, 2013 жылы республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген 554,5 млн. теңгеге ұзындығы 3,6 шақырымды құрайтын магистральды жылу трассалары мен желілері жөнделді. Сонымен қатар, «ҚЖЭО» МКК-нің өз қаражаты есебінен 2,8 шақырым жылу құбырлары ауыстырылды, 2014 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 328,1 млн. теңгеге «ҚЖЭО» МКК-нің қазандық цехының 2 дана қазандықтары, 4 дана қазан агрегаттары, магистралды жылу жүйелері қайта жаңғыртылды. Ал 2015 жылы
қаладағы магистральды және квартал аралық жылу жүйелерін қайта жаңғыртуға ҚР Ұлттық қорынан – 3 млрд. 039,7 млн. теңге, облыстық бюджеттен - 123,5 млн. теңге, қалалық бюджеттен 5,8 млн. теңге бөлініп, барлығы 12 км магистральды және квартал аралық жылу жүйелері және «ҚОЖО» МКК қазандық цехындағы 3 дана SG-2000/15n маркалы бу қазандарының жүйелік су қыздырғыштары қайта жаңғыртылуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: