Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық шенеунік кәсіпкерден 10 миллион теңге алып тұрғанда ұсталды (ВИДЕО)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облыстық экономикалық тергеу департаменті басшысы орынбасарының тергеуге алынғанын хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Қызылорда облыстық экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары мен оның сенімді тұлғасын Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары құрықтады.
Күдіктілер банк шоттарының бұғаттауын шешіп береміз деген сылтаумен бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, Алматы қаласындағы кәсіпкердің 10 миллион теңгесін қолды қылған. Олардың барлығы кәсіпкерден 10 миллион теңгені алған сәтте ұсталды», - делінген агенттік таратқан хабарламада.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: