Шиелі ауданында кәсіпкерлік саласы өрістеп келеді. Ауданда мемлекеттік бағдарламалар бойынша көптеген жаңа жобалар жүзеге асты.
2020 жылдың 1 шілдеге ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 4 788 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 106,4 процентке артты.
Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 4 530-ді құрап, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің үлесі 94,6 процентке жетті. Тиісті кезеңмен салыстырғанда 110,3 процентке артты. (жеке кәсіпкер – 2570, шаруа қожалық –1530, заңды тұлға – 430).
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында «Наурыз-Дем» НС» ЖШС арқылы 5 жоба 200 млн теңгеге, «Сырдария-1» НС» ЖШС арқылы 4 жоба 48,8 млн теңгеге қаржыландырылса, аталған бағдарламаның гранттық қаржыландыру бағыты бойынша 122 жобаға 64 млн 684 мың теңге қайтарымсыз грант қаражаты бөлінді.
«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бағыты бойынша ағымдағы жылы жобалық құны 30,5 млн теңгені құрайтын 2 жоба қаржыландырылды. (С.Ермаханов-21 млн теңге, Г.Шакирова – 9,5 млн теңге).
Бүгінгі күні барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауданнан жобалық құны 343,4 млн теңгені құрайтын 133 жоба қаржыландырылып, жаңадан 148 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жыл соңына дейін барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында 700 кәсіпкерлік субъектілеріне несие және грант қаражаттарын алынуына қолдау көрсетіліп, жаңадан 746 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.