Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ДДҰ: Пандемия миллиондаған адамның психикасына әсер етті

Коронавирус пандемиясы дүние жүзі бойынша миллиондаған адамның психикасына әсер етті. Бұл туралы Женевада өткен брифингте ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді. Шара барысындағы видео ұйымның YouTube-арнасында жарияланған, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл жөнінде Тengrinews.kz жазды. 
Ұйым басшысының сөзінше, пандемия кезінде адамдарда үрей мен қорқыныш сезімі басым болған, сондай-ақ психикалық көмек көрсету қызметінің жұмысына да нұқсан келген. Оған көптеген елдегі шектеу шарасы мен адамдардың бір-бірімен байланыса алмауы себеп болған. 
Гебрейесус миллиардқа жуық адам психикалық ауытқудан зардап шегетінін, алайда оның бәріне сапалы медицина қолжетімсіз екенін айтады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: