Үстіміздегі жылдың 28 желтоқсанында 05 сағат 45 минут шамасында Қызылорда қаласы Орталық алаңдағы шыршаны от шарпыған.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Сағынбек Өмірзақовтың ресми хабарлауынша, өрттің көлемі 6 шаршы метр болған. Өрт дер кезінде 2 минут көлемінде сөндірілген. Өртті сөндіруге ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нен 8 адам мен 2 техника қатыстырылған. Шырша қайтадан қалпына келтірілді. Өрттің шығу себебі: ауа райының қолайсыздығы мен ылғалдылығына сәйкес электрдің қысқаша тұйықталуынан болған.
Сырдың бас шыршасы Жаңа жыл қарсаңында қызылордалықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлауда.