Сыр өңірінде жолаушылар тасымалында жаңашыл жобалар жүзеге асырылып келеді. Бұл жөнінде "Сыр медиа” ЖШС жанындағы коммуникациялар орталығында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Бәйімбетов жан-жақты айтып берді.
Жолаушы тасымалындағы соңғы жаңалықтардың бірі, ол қалааралық және облысаралық маршруттардың тасымалдаушыларының өз ұсыныстарымен бірыңғай орталықтандырылған диспетчерлік қызметті жүйелеу үшін 13 автобусқа GPS-диспетчерлік навигациялық қондырғы орнатылып, пилоттық тәжірибе жүргізілуде. Бұл құрылғы тасымалдаушыларға және автостансаларға көлік құралдарының қозғалыс барысын көріп отыруға және басқалай жағдайлар туындағанда жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Сондықтан да осындай тиімділігі бар тәжірибені алдағы уақытта ауданаралық қатынастардағы өзге де автобустарға кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр.